Өзгерту

Allur | Jetour флагмандық автоорталығы әлемдегі ең үздік сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығы болып танылды
Астана қаласында Айтматов көшесі, 45 мекенжайында орналасқан Allur | Jetour
Дилерлік орталығы Jetour International штаб-пәтері жүргізген алғашқы сервис
аудитінің нәтижесі бойынша 92,5% көрсеткішке ие болып, әлемдегі барлық Jetour
автоорталықтарының ішінен ең үздігі атанды. Айта кететін жайт, бұл жоғары баға
рұқсат етілген 90%-дан асып түсіп, Сервис сапасы мен сатудан кейінгі қызмет
көрсету деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.
Сервис жұмысына жүргізілген кешенді аудит көптеген параметрлер бойынша
бағаланды: көлік қабылдауға дайындық деңгейінен бастап, NPC және CSI
көрсеткіштеріне дейін (Клиенттердің Сервис орталығын ұсынуға дайын болуы және
көрсетілген қызмет сапасына қанағаттануы). Сондай-ақ, аудит барысында клиенттік
тәжірибе мен қосымша жайлылықтар, мысалы, жайлы күту аймағы, тегін кофе мен шай
ұсыну және тағы басқа мүмкіндіктер де ескерілді.
Allur | Jetour флагмандық автоорталығының Бас директоры Артём Вязовик:
«Біздің Сервис тобы – өз ісінің маманы болған 22 кәсіби қызметкер Jetour
маркасымен қатар барлық қытайлық автокөліктерге де қызмет көрсетеді. Біз
ашылғанымызға бар болғаны 3 ай болды, алайда көрсеткіштерімізді тұрақты түрде
жақсартып, клиенттеріміз үшін қосымша қызмет түрлерін енгізіп келеміз. 30
минуттық жедел Сервис жүйесін іске қостық – мұнда бір көлікте бір мезетте екі
механик жұмыс істейді. Алда одан да биік мақсаттар қойып, серіктестермен
ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз».



Өтінімді дәл қазір қалдырыңыз
Біздің мамандар жақын арада Сізбен байланысады!
Қала
Jetour
Үлгі
Дилерлік орталықтар
Дербес деректерді өңдеуге келісім Сайтта сұрау жібере отырып, Пайдаланушы осымен операторға өзінің келісімін береді және растайды Ары қарай оқу