Өзгерту

Елордада Allur | Li Auto компаниясының алғашқы толыққанды дилерлік орталығы ашылды
Ашылу салтанатына Li Auto компаниясының халықаралық бағытының жетекшісі – компанияның халықаралық бизнесін басқаратын, салтанатты іс-шараға арнайы келген Нестор Ву мырза, сондай-ақ қазақстандық Allur автомобиль компаниясының басшылығы, клиенттер, серіктестер, танымал автоблогерлер мен инфлюенсерлер қатысты.



Қонақтарға Li Auto
модельдік қатары – L6, L7 және L9, инновациялық зияткерлік
жүйелер мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттары таныстырылды.
«Біз үшін әрбір дилерлік орталықтың ашылуы – бұл жай ғана желіні кеңейту
емес. Бұл клиенттер үшін тұрақты, ыңғайлы әрі инновациялық экожүйе құруға
жасалған қадам. Li Auto – ойластырылған жайлылық, әсерлі технологиялар мен
болашаққа батыл көзқарастың үйлесімі. Және бұл болашақ бұрынғыдан да жақындай
түсуде. Li Auto-мен стратегиялық әріптестік компаниямыз үшін аса маңызды, және
ақпан айында біз Алматыдағы қатысуымызды кеңейтіп, 3S форматындағы заманауи
автоорталық ашамыз», – деп атап өтті Allur компаниялар тобының бөлшек
сауда жөніндегі Басқарушы директоры Мұхаммед Әлімханов.
«Бүгін Астанада біз жай ғана автосалон емес, одан
да ауқымды нысан ашып отырмыз. Нарық көшбасшысы – Allur компаниясымен
әріптестікте жаңа кеңістіктің негізін қалап, бұл жерде дамудың жаңа тарихтары
жазылып, зияткерлік жүйелердің, гибридті шешімдердің және премиум жайлылықтың
синергиясы тоғысатын болады», — деп атап өтті Li Auto компаниясының
халықаралық бизнес жөніндегі Басқарушы директоры Нестор Ву.
Li L6 автокөлігі құны
22 990 000 теңгеден басталатын Pro және Max екі жинақтамасында ұсынылған. L7
және L9 модельдері жақсартылған интерьер, ірі экрандар мен салондағы қосымша
жайлылықтары бар Ultra жинақтамасында ұсынылған.
Allur | Li Auto
ресми дилерлік орталығында жаңа гибридті автокөліктерді сатып алушылар үш жыл
немесе 100 мың километр жүріс кепілдігін, түпнұсқа қосалқы бөлшектерге және
бағдарламалық жасақтаманы тұрақты жаңартуларға қол жеткізеді. Жаңа автоорталық
клиенттерге сатудан кейінгі сервистің толық циклін ұсынады. Li автокөліктерінің
көптеген иелері қазірдің өзінде ресми сервистік қызмет көрсетудің жоғары
деңгейін бағалады.
Allur компаниясының
жоспарында – Li Auto модельдік қатарын кеңейту,
қаржылық өнімдер мен сатудан кейінгі қызмет көрсету қызметтерін ұсыну.
Жаңа дилерлік орталық мына мекенжай
бойынша орналасқан: Тұран даңғылы, 59/4.