Өзгерту

Рус
Каз
Eng

Қостанай мен Сарандағы машина жасау кәсіпорындары, Allur, QazTehna және Agromash зауыттары әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеді

24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.


Осы ауыр кезеңде Қостанай мен Саран қалаларындағы машина жасау кәсіпорындары — Allur, QazTehna және Agromash зауыттары қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеді.


Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев әр отбасына 25 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді.


Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде аза тұту күнін жариялады. Халқымыз қашанда қиын-қыстау кезеңде бір-біріне сүйеу болып, қолдау көрсеткен. Осындай ауыр сәтте біз де әріптестерімізбен бірге қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қол ұшын созуды азаматтық парызымыз деп санаймыз», — деді Андрей Лаврентьев.

Веб-сайтта қамтылған өнім бағасы мен қызмет туралы ақпарат тек ақпараттық мақсаттарға арналған және ұсыныс болып табылмайды. Көрсетілген бағалар нақты бағалардан өзгеше болуы мүмкін. Прайс-парақшаларда сипатталған көлік сипаттамалары мен жабдықтары үлгіге, әрлеу деңгейіне және қалаға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нақты ақпаратты алу үшін уәкілетті дилерге хабарласыңыз.