Өзгерту

Дилерлік орталықтағы Koktem Fest
14–15 наурыз күндері Астанадағы Škoda дилерлік орталығында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған Koktem Fest маркеті өтті.
Фестивальге өзіндік қолтаңбасы бар өнімдер ұсынатын, өзекті әрі қарқынды дамып келе жатқан жобалардың иелері — кәсіпкер қыздар қатысты. Ұсынылған тауарлардың 90%-ы Қазақстанда жасалған. Екі күн ішінде Koktem Fest-ке 500-ден астам адам келді. Қонақтар іс-шараға отбасыларымен келіп, автомобильдер бойынша кеңес алу үшін қайта оралып жатты.
Шараға арнайы Koktem Fest жаршысының (вестник) тиражы басылып, әрбір келуші мен қатысушыға таратылды. Жаршыда Škoda автокөліктерін сатып алу кезінде артықшылықтар беретін клиенттерге арналған ваучер ұсынылды. Дилерлік орталық келушілердің үлкен ағынын қабылдады, олардың бір бөлігі брендпен алғаш рет танысып, тест-драйвтан өтті.
Екі күн ішінде 21 тест-драйв өткізілді, бұл әлеуетті клиенттермен сапалы байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Koktem Fest аудиториямен байланыстың тағы бір нүктесіне айналып, қала тұрғындары арасында Škoda брендінің танымалдылығын арттырды.
💬 Koktem Fest ұйымдастырушысының пікірі: «Біз Škoda брендін бұрыннан білеміз, бұл дилерлік орталықта өткізіп жатқан екінші Koktem Fest-іміз. Бұл маркет жаңа маусымның — жаңару мен өсу кезеңі көктемнің алғашқы шарасы болды. Біз қонақтарға өзіндік философиясы мен эстетикасы бар бірегей жобаларды — жаңа бастағандардан бастап, танымал жергілікті брендтерге дейін таныстыру үшін қатысушыларды мұқият іріктедік.
Дилерлік орталықтың жас, белсенді және нәтижеге бағытталған командасын ерекше атап өткім келеді. Бірлескен жұмыс үшін рақмет!»