Өзгерту

Рус
Каз
Eng

Allur Finance — Astana Finance Days 2026 форумында

9–10 қыркүйек күндері Астанада бизнес, қаржы секторы және инвесторлар өкілдерін біріктірген ірі қаржы форумы — Astana Finance Days 2026 өтті.
Allur Finance форумның демеушісі ретінде арнайы стендпен қатысып, форум қонақтарына автокөлік сатып алуға арналған заманауи қаржылық шешімдерін таныстырды.
Бүгінде Allur Finance 17 серіктес банкті, 200-ден астам дилерлік орталықты біріктіріп, Қазақстанның 20 қаласында жұмыс істейді. Компания автокредиттеу, лизинг, сақтандыру және онлайн-сервистерді ұсынады.
Сонымен қатар, Allur Finance автокөлікті толық онлайн сатып алу сервисін дамытып келеді. Клиент автокөлікті таңдаудан бастап, өтінім беруге және қажетті құжаттарды рәсімдеуге дейінгі негізгі кезеңдерден қашықтан өте алады. Бұл автокөлік сатып алу процесін жылдам әрі ыңғайлы етеді.
Astana Finance Days-ке қатысу Allur Finance-ке өзінің цифрлық шешімдерін кәсіби аудиторияға таныстырып, қаржы нарығының болашағына қатысты пікірталасқа үлес қосуға мүмкіндік берді.
Веб-сайтта қамтылған өнім бағасы мен қызмет туралы ақпарат тек ақпараттық мақсаттарға арналған және ұсыныс болып табылмайды. Көрсетілген бағалар нақты бағалардан өзгеше болуы мүмкін. Прайс-парақшаларда сипатталған көлік сипаттамалары мен жабдықтары үлгіге, әрлеу деңгейіне және қалаға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нақты ақпаратты алу үшін уәкілетті дилерге хабарласыңыз.