Өзгерту

Рус
Каз
Eng

Jetour Allur Айтматовтағы жаңа орталығының ашылуы

Астанада өңірдегі ең ірі Jetour дилерлік орталығы ашылды

Елордада жаңа флагмандық Jetour дилерлік орталығының ресми ашылуы өтті. Таспа қию рәсіміне Jetour компаниясының бас директордың орынбасары Кэ Чуанден және Allur Қазақстан автомобиль компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысты.


Jetour бренді 2018 жылдан бері әлемдік нарықта жұмыс істеп келеді және 2023 жылы Allur компаниясының портфеліне енді.

 Автокөлік бренді деректеріне сәйкес, 2025 жылдың шілдесіне қарай жаһандық сатылым көлемі 1,82 миллионнан астам автомобильді құрады, ал брендтің желісі 90-нан астам елде 2000-нан астам сату және қызмет көрсету нүктесін қамтиды.
Jetour компаниясы Қазақстанды ТМД елдері арасындағы негізгі даму нарықтарының бірі ретінде қарастырады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Jetour елімізде қытайлық автомобиль брендтері арасында сатылым бойынша бірінші орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішін 125% арттырды.
Осы көктемде Қостанайда Jetour X70 Plus моделінің шағын торапты құрастыру форматы бойынша сериялық өндірісі іске қосылды — Allur зауытында дәнекерлеу, тегістеу, бояу және компоненттерді орнату жұмыстары жүргізіледі.

«Қазақстан Jetour-дың ТМД нарығындағы дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Астанадағы жаңа орталық — әлемдегі брендтің ең ірі салондарының бірі және ол өңірдегі сату мен сервистік қызмет көрсетуді кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз Allur компаниясымен бірлесе отырып, жергілікті өндіріс жобаларын дамытуды және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын арттыруды жалғастырамыз», — деді Jetour бас директордың орынбасары Кэ Чуанден.

Астанадағы жаңа дилерлік орталық 3S форматы бойынша (Sales, Service, Spare parts) салынған — яғни, мұнда автокөліктерді сату, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету сияқты барлық негізгі функциялар біріктірілген.
Сату аймағында клиенттер көлік таңдап, сатып ала алады, сондай-ақ Allur Finance менеджерлерінен «бір терезе» форматында автонесиелеу бойынша кеңес алып, серіктес банктерден ең тиімді шарттарды таңдай алады.
Сервистік аймақ 12 қызмет көрсету бекетін қамтиды және барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Ғимараттың жалпы ауданы 3 038 м², ал аумақ көлемі 1,04 гектар.

Орталықтың ерекшеліктерінің бірі – тікелей қабылдау жүйесі. Бұл форматта клиент көлігін маманмен бірге қарап, ағымдағы жағдайын тіркейді және бірден қажетті жұмыстар тізімін келіседі. Мұндай тәсіл қызмет көрсету уақытын қысқартып, процестің ашықтығын арттырады.

Жаңа Jetour дилерлік орталығы Астанада Айтматов көшесі, 45 мекенжайында орналасқан. Автосалон күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық.

Өтінімді дәл қазір қалдырыңыз

Біздің мамандар жақын арада Сізбен байланысады!

Қала

Jetour

Үлгі

Дилерлік орталықтар

Дербес деректерді өңдеуге келісім Сайтта сұрау жібере отырып, Пайдаланушы осымен операторға өзінің келісімін береді және растайды Ары қарай оқу

Веб-сайтта қамтылған өнім бағасы мен қызмет туралы ақпарат тек ақпараттық мақсаттарға арналған және ұсыныс болып табылмайды. Көрсетілген бағалар нақты бағалардан өзгеше болуы мүмкін. Прайс-парақшаларда сипатталған көлік сипаттамалары мен жабдықтары үлгіге, әрлеу деңгейіне және қалаға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нақты ақпаратты алу үшін уәкілетті дилерге хабарласыңыз.