Өзгерту

KiaGO автожорығы: Shygys — ШҚО-ны жаңа қырынан ашамыз
22–27 шілде аралығында KiaGO: Қазақстанды ашу! сериясының сегізінші автожорығы өтті. Блогерлер мен инфлюенсерлер тобы Шығыс Қазақстан облысының ғажайып табиғатын және көрікті жерлерін Kia автокөліктерімен саяхаттап, жаңаша ашты.
Сібин көлдері, Зайсан көліндегі Шекельмес мүйісі, Қиын-Керіш шатқалы, Марқакөл көлі, Катонқарағай ұлттық паркі… Осы ерекше әсем де әсерлі орындарды қатысушылар төрт күн ішінде аралап, шамамен 1800 км жол жүрді.
Kia-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы — Allur MotorQazaqstan компаниясы (Allur автомобиль компаниясының құрамында) ұйымдастырған автожорықтың мақсаты — елде автотуризмді дамыту, туристік орындарды насихаттау және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Қазақстандықтардың көбірек саны өз елінің қайталанбас сұлулығын жаңа қырынан көруге мүмкіндік алып, табиғатқа ұқыпты қарауды ұмытпауы үшін.
Жол сапары Өскеменнен басталып, сонда аяқталды. Маршрут әртүрлі жол жабындарын қамтыды: жақсы асфальттан бастап, ойылған асфальт пен тастақты жолдарға дейін. Бұл қатысушыларға Kia автокөліктерін толық сынап, әрбір модельдің мінезін сезінуге мүмкіндік берді. Тоғыз автокөліктен құралған колоннаға Seltos, Sportage, Sorento кроссоверлері және жаңа K8 бизнес-седаны кірді. Бұл тағы да бір мәрте автотуризм үшін міндетті түрде жол талғамайтын көлік қажет еместігін дәлелдеді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңа ашылымдар жасауға, жаңашылдыққа қадам басуға және табиғат аясында қала тіршілігінен демалуға көмектеседі. Дәл осы — шабыттандыратын қозғалыс, Movement that inspires.



Өтінімді дәл қазір қалдырыңыз
Біздің мамандар жақын арада Сізбен байланысады!
Қала
Kia
Үлгі
Дилерлік орталықтар
Дербес деректерді өңдеуге келісім Сайтта сұрау жібере отырып, Пайдаланушы осымен операторға өзінің келісімін береді және растайды Ары қарай оқу